Қазақстанда "Химиялық парк Тараз" арнайы экономикалық аймағы құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Химиялық парк Тараз" арнайы экономикалық аймағы құрылмақ

Қазақстанда "Химиялық парк Тараз" арнайы экономикалық аймағы құрылмақ

Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында "Химиялық парк Тараз" арнайы экономикалық аймағы құрылатын болады.

  • 7 Қараша 2012
  • 1217
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қаулыға премьер-министр Серік Ахметов қол қойған, қаулы республика әділет министрлігінің заңды және нормативті актілер мәліметтері электронды базасына енгізілген.

Жобаның орындалу мерзімі 2037 жылдың 1-қаңтары. Онда шығарылуы жоспарланған 4 млрд теңгенің натрий цианидінің бірінші партиясын 2015 жылы алу көзделген.
Жобаға 2037 жылға дейін 403,5 млрд теңге инвестиция құю жоспарланған, оның 201,7 млрд теңгесі шетелдік қаражат, отандық қаражаттың да көлемі сондай.
2037 жылға қарай — 4,707 трлн теңгенің тауары мен қызметі өндіріледі деп жоспарланған.
Аймақтағы қызмет көрсетудің басымдық түрлеріне химия өнеркәсібі өнімдері, резина және пластмасса бұйымдары, металл емес минералды өнімдер, химиялық өндіріске арналған жабдықтар жатқызылған.

Соңғы жаңалықтар