Қазақстанда "Хизб-ут-Тахрирдің" бірнеше ондаған мүшесі өз еріктерімен экстремистік бағыттағы ұйымның идеясынан бас тартты - ҰҚҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Хизб-ут-Тахрирдің"  бірнеше ондаған мүшесі өз еріктерімен экстремистік бағыттағы ұйымның идеясынан бас тартты - ҰҚҚ

Қазақстанда "Хизб-ут-Тахрирдің" бірнеше ондаған мүшесі өз еріктерімен экстремистік бағыттағы ұйымның идеясынан бас тартты - ҰҚҚ

АСТАНА. 20 ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Хизб-ут-Тахрирдің" бірнеше ондаған мүшесі өз еріктерімен экстремистік бағыттағы ұйымның идеясынан бас тартты, деп хабарлайды ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі.

  • 20 Ақпан 2007
  • 555
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хабарламасында , «осыған дейін 55 азаматтың партия қатарынан шыққаны туралы хабарланған болатын. Қазіргі кезде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының Алматыда, Павлодарда, Таразда, Шымкентте және Түркістанда тұратын тағы 27 мүшесі ұйымнан шығатындары туралы мәлімдеме жасағаны» туралы айтылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдернің айтуынша, бұрынғы мүшелері тек «партияның идеясынан» ғана бас тартып қоймай , өз еріктерімен «ұлт арасында және діни араздық туғызатын үгіт-насихат материалдарын өткізген».

Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі , Қазақстан заңына сәйкес, «сот бойынша тыйым салынған діни экстремистік «Хизб-ут-Тахрир» партиясының қызметіне араласудан бас тартқандар» қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.

Сонымен қатар ҰҚК өкілдерінің хабарлауынша, » ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрғандары үшін, конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақырғандары үшін және Қазақстан Республикасы территориясының тұтастығын бұзғаны үшін партияның 31 жетекшісі мен белсендісіне қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасуда».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті