Қазақстанда киік санағы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киік санағы басталды

Ақтөбе облысында киік санағы басталды. Алдымен Үстірт даласындағы жануарлар басты назарға алынады.

  • 17 Сәуiр 2018
  • 78
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы ақбөкендер саны елімізде шамамен 152 мың болса, оның тек үш мыңға жуығы осы Үстіртті мекендейді екен. Жалпы мамандар соңғы жылдары киік санының артып келе жатқандығын айтады, деп хабарлады 24.кз.

Иен далада қозғалған қараны лезде байқайтын қорықшылар санақ жүргізгенде керек-ақ. Үстіртті де бес саусағындай біледі. Сондықтан есептеу әдісін санаулы минуттарда игеріп, көп айналмай ұшақ Маңғыстау облысына қарай бет алды. Үстіртті мекендейтін киік Бетпақ даласы мен Орал популяциясынан әлдеқайда аз. 2015 жылғы жаппай қырылғаннан кейін бұл жерде шамамен үш мың бас ақбөкен қалған. Жануарлардың бейқам жайылып, еркін төлдеуіне де кедергі көп.

– Үстіртті мекендейтін киік үшін қиындық бар. Қару кезеген браконьерлер өз алдына, жайылым жерлері де азайған. Осыдан бірнеше жыл бұрын салынған теміржол –жануарлардың оңтүстікке аймаққа өтуіне кедергі. Сондықтан киіктер қыстың күні солтүстіктегі жайылымда қалуға мәжбүр.

Санақ кезінде қос аяқты көлікті ерттеп мінген күдіктілер де кезікті. Мамандар қылмыскерлер деп пайымдады. Сондықтан бір топ инспектор жедел із кесуге аттанды,- дейді  «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының халықаралық үйлестірушісі Штеффан Цупер.

– Бұл ақпардың анық-қанығын анықтауға арнайы топ аттанды. Олар аң атуға шыққан браконьерлер болуы да мүмкін. Үй жануарларын іздеген жергілікті тұрғындар да болуы ғажап емес. Маңғыстау мен Ақтөбе облысында жайылатын жануарларды қорғауға 20 қорықшы жұмылдырылған,- дейді «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалының директоры Сәбит Дүйсекенов 

Өткен жылы Үстіртте киікті атып, мүйізін кесіп алып жүрген 4 топты қолға түсірген. Қорықшылар саны аз болғанымен, иен даланы мылтық асынған қылмыскерлерден қорғау үшін күні-түні дамыл таппайды.


– Он болады, он бес болады, топ-топ болыпғ Үстіртке шығады, киікке шығады. Мүйіз деген бәле болды ғой бізге. Мүйізге бола шығады. Соны қорғап жатырмыз. Қазір жайлап өсіп келе жатыр. Алғашқы барлау болашақ ұшу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Жануарлардың жайылымдары белгілі болды, -деді «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалының инспекторы Нұрлыбек Сүлейменов,

Санақтың бірінші күні екі жүзден астам жануар көзге ілінген. Александр Путилин, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының аға қорықшысы: – Көкке көтеріліп, киіктердің қыр-жоталарға жақын жүргендігін анықтадық. Енді шамамен 50 сағат ұшу жоспарымызда бар. Сосын Батыс Қазақстан облысындағы киіктерді түгендейміз. Үстірттегі санақ он тәулікте тәмамдалуы тиіс. Алда құралайдың желі басталып, киіктер төлдейді. Бастысы – күзетті күшейту. Сонда ғана санаулы жыл ішінде ақбөкендер саны бірнеше есе артуы әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан: «Бұйыртса осы күзде «Кафе Махаббат» киносына келіңіздер!»

Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай сауық кешіне төсін ашып келді

Соңғы жаңалықтар