Қазақстанда киім қымбаттап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда киім қымбаттап жатыр

Қазақстанда киім қымбаттап жатыр

Сарапшылар республикада киім өндірісі 2017 жылдың тамызына қарағанда 2018 жылдың тамызында 2,3 пайызға кемігенін айтты.

  • 13 Қыркүйек 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары айтты, деп хабарлайды Today.kz.        

Қазіргі таңда ер адамның іш киімі тамыздың қорытындысы бойынша 10-10,5 пайызға қымбаттады. Әйелдер көйлегі мен костюмының құны бір жылдың ішінде 7,7 пайызға өсті. 

Оқу жылында балалар заттары қымбаттады: ұл балаға арналған жейде 9,2 пайызға, балаларға арналған футболка 7,9 пайызға, күртеше 7,3 пайызға қымбаттады. 

Сарапшылар республикада киім өндірісі 2017 жылдың тамызына қарағанда 2018 жылдың тамызында 2,3 пайызға кемігенін айтты. 

ҚР өңірлерінің ішінде 2018 жылдың қаңтар-маусымында Алматы облысы 3,6 миллиард теңгеге киім өндірген, бұл 2017 жылға қарағанда 15,7 пайызға аз. 

Одан кейінгі орында Алматы – 2,6 миллиарл теңге, бір жылдың ішіндегі өсім 5,7 пайыз және Қарағанды облысы – 2,2 миллиард теңге, өңір көрсеткіші бір жылдағыға қарағанда 4,5 пайызға аз. 


Бас киім (23,9 пайызға аз), әйелге арналған сырт киім (22 пайызға аз), ер адам киімі (19,1 пайызға аз), трикотаж шұлық (18,2 пайызға аз) және трикотаждан жасалған сырт киім (15,7 пайыз) өндірісі азайған. 

Аң терісінен жасалған киім мен аксессуарлар (43,5 пайыз), свитер, жемпірлер (3,7 пайыз) өндірісі ұлғайған. 

Соңғы жаңалықтар