Қазақстанда кісі өлімімен аяқталатын жол апаттарының саны арта түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кісі өлімімен аяқталатын жол апаттарының саны арта түсуде

Қазақстанда кісі өлімімен аяқталатын жол апаттарының саны арта түсуде

Қазақстанда 26-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында 318 жол апаты болып, соның салдарынан 125 адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне жол полициясы департаменті жүргізген талдауға сілтеме жасай отырып ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz



Талдауға сәйкес, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол апаттарының саны 25 процентке, қаза тапқандардың саны екі есеге өсті.
Полиция қызметкерлері осы мерзімде жол қозғалысының ережелерін бұзуға байланысты 30,5 мың деректің, соның ішінде көлікті мас күйінде айдауға байланысты 1929 деректің бетін ашты.
Жол қозғалысының ережесін бұзуға қатысты 539 оқиғаға мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жеңіл автокөліктерінің жүргізушілері, соның ішінде 23 оқиғаға орталық мемлекеттік мекемелердің жүргізушілері, 229 оқиғаға ірі компаниялар мен холдингтерге қарасты көлік құралдарының жүргізушілері, 236 оқиғаға мемлекеттік рет сандары бар жеке меншік көлік жүргізушілері себепкер болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта