Қазақстанда көкөніс пен жармалар арзандап, тамыр жемістері қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көкөніс пен жармалар арзандап, тамыр жемістері қымбаттады

Қазақстанда көкөніс пен жармалар арзандап, тамыр жемістері қымбаттады

Қазақстан аймақтарында өткен аптада бағаға жасалған мониторингі барлық жерлерде қызанақ пен қияр, сондай-ақ қара құмық жармасының бағасының төмендеп, ал картоп пен сәбіз керісінше, қымбаттағанын көрсетті.

  • 20 Маусым 2011
  • 765
Фото - Caravan.kz

«Өскеменде соңғы кезде Қытай мен Өзбекстаннан өте ірі партиямен көкөніс жеткізілгелі олардың бағасы 20-50 теңгеге арзандады», — деп Өскемендік тілшіміз дүйсенбі күні хабарлады.

Осындай жағдай оңтүстікте де солтүстікте де байқалады. Тіпті дәстүрлі түрде көкөніс бағасы қымбат болатын Батыс Қазақстан облысында да жылыжай өнімдерінің бағасының арзандауы байқалады. Қызанақтың Қазақстандағы орташа бағасы килосына Т230-270, ал қиярдың орташа бағасы Т70-100 болып тұр.

Сонымен бірге тамыр жемістері – картоп пен сәбіз бағасы бүкіл елде қымбаттап келеді. Былтырғы картоп пен сәбізді әлі де сатып алуға болады, бірақ олардың сапасы сын көтермейді. Ал жаңа өнім екі еседей қымбат – Т140-180 тұрады.

Егер жалпы алғанда республикада ет өнімдерінің бағасы өсіп отырса, Қазақстанның батысы мен солтүстігінде – төмендеп келеді. Басқа аймақтарда арзандау негізінен сүт өнімдеріне қатысты болып отыр.

«Сүт өнімдерін өндірушілердің бірқатарларында қаймақ майы мен сүзбеге маусымдық баға арзандау байқалуда. Сиыр еті қымбат болып қалуда. Оның себебін сатушылар жазғы мал сойысының аздығымен түсіндіреді», — деп тілшіміз Өскеменнен хабарлайды.

Ал Астанада тұрғындар арасында макарон мен күрішке деген сұраныс кенет артты.

«Макарон мен күріш сияқты стратегиялық өнімдерді халық демалыс күндері де сатып алып жатты. Тексерілген екі супермаркетте сөрелер бос тұрды. Оған деген сұраныстың артуын сатушылар жарма мен картоп бағасының қымбаттауымен түсіндіреді», — деп Астанадан тілшіміз хабарлады.

Сондай-ақ соңғы аптада жұмыртқа бағасы да айтарлықтай арзандады. Алматы мен Қарағанды және Семейде жұмыртқа 30% арзандады.

Қазақстандағы азық-түлік бағасымен төменгі кестеден не «ҚазТАГ» ХАА сайтынан танысуға болады.