«Бағдарлама жобасын жасаушы топтың мақсат-міндеті көлеңкелі экономиканың өзімен күреске бағытталмайды, керісінше, кәсіпорындардың жариялылыққа көшуіне жағдай жасауға саяды»,- деді вице-министр. Оның пікірінше, «жариялы секторда жұмыспен қамтылушылар санын арттыруға ынталандыру» басты міндет болмақ. Г.Марченконың айтуынша, соған сәйкес Салық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекс, сондай-ақ, тіркеу, лицензия және сертификат беру жөніндегі заңдарға бірқатар түзетулер енгізіледі.
ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің бағалауынша, Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі 1995-жылдан бері 37%-тен 23%-ке дейін азайды. «23% деген көрсеткіш Бельгия мен Венгрияның деңгейімен парапар»,- деді Г.Марченко. Сондай-ақ, оның айтуынша, «жариялылыққа құлық танытпағандармен күресті күшейту қажет».
Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуына қарағанда, «көлеңкелі экономиканың біраз бөлігі қылмыстық әрекеттерден құралады. Ал мұндай әрекеттерге тосқауыл қойылуы тиіс».