Қазақстанда көлік бағасының қымбаттауы қарастырылып отырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көлік бағасының қымбаттауы қарастырылып отырған жоқ

Қазақстанда көлік бағасының қымбаттауы қарастырылып отырған жоқ

Қазақстанда көлік бағасының қымбаттауы қарастырылып отырған жоқ.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қаза?

  • 26 Тамыз 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы Андрей Лаврентьев мәлім етті.

«Автокөлік бағасына қатысты біз күн сайын барша өндірушілерге, делдалдар мен дистрибьюторларға мониторинг жүргіземіз. Бірінші кезекте айтарымыз, қазіргі кезде Қазақстандағы көліктер және автокөлік жинайтын кәсіпорындардың платформаларындағы машиналарға баға белгілі бір деңгейде белгіленген. Яғни, оларда бағаның қымбаттауы қарастырылып отырған жоқ», — деді А.Лаврентьев.
Оның сөзіне қарағанда, валюталық дәліздің бағамы 200 теңгеге дейін белгіленген және осы дәліздің аралығында саудаларын жүргізуде. Сонымен қатар «СемАЗ», «АгромашХолдинг», «СарыаркаАвтоПром» секілді компаниялар өздерінің бағаларын белгілеп, әзірге көлік құнын көтеруді көздеп отырған жоқ.
«Күзде көлік сатып алушылардың белсенділігі артатындықтан, кейбір дистрибьютор жазғы жеңілдіктерінен бас тартып отыр. Кебір БАҚ-тарда «AllurGroup», «Астана Моторс» көлік саудасын тоқтатты деген ақпаратты байқадым. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Барлық жерде сауда жүріп жатыр», — деді қауымдастық төрағасы.

Соңғы жаңалықтар