Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6,4 млн адам салдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирус вакцинасының  I компонентін 6,4 млн адам салдырды

Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6,4 млн адам салдырды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады.

  • 26 Тамыз 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«2021 жылғы 26 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6 466 823 адам, II компонентін 5 152 752 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында — Түркістан облысы. Өңірде 726 956 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 554 655 адам 2-компонентін егілген.


Үшінші орында Алматы облысы – 653 378 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 523 803 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар