Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам алды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам алды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші компоненті қанша адамға салынғанын айтты.

  • 7 Сәуiр 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасып жатыр. 1 сәуірден бастап вакциналауға жататын тұлғалар санаты кеңейтілді. Бүгінде вакцинаның бірінші компонентімен 217 070 азамат, ал екінші компонентімен 79 541 азамат егілді. Мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 11,5 болды. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің 40, педагогтердің 17, күштік құрылымдардың 7,7 пайызы, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қызметкерлердің 0,5 пайызы екпе алды», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, екпе алған адамдардың 0,8 пайызында уақытша дене қызуының көтерілуі сынды белгілер байқалды.


«Сәуірде екпе алуға тиісті котингенттің 24,4 пайызын немесе шамамен 2 млн азаматты екпемен қамту жоспарланып отыр», — деді Алексей Цой.

Соңғы жаңалықтар