Қазақстанда коронавирустан айыққандар індетті екінші рет жұқтырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирустан айыққандар індетті екінші рет жұқтырып жатыр

Қазақстанда коронавирустан айыққандар індетті екінші рет жұқтырып жатыр

Коронавирустан айыққан адам індетті екінші рет жұқтыруы мүмкін екенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлаған еді және көптеген елде көрініс алып жатты.

  • 29 Шiлде 2020
  • 41
Фото - Caravan.kz

 Елімізде мыңдаған адамның өмірін жалмаған індетпен екінші рет ауырып жатқандар анықталуда. Олардың басым бөлігі коронавирустың симптомдары айқын байқалатынын айтады. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі індетпен екінші рет ауырып жатқан науқаспен хабарласып, мән-жайды анықтап көрді.

Есімін жасырын сақтап қалғысы келген науқас коронавируспен алғаш рет індет елімізге енді ғана келген кезде наурыз айында ауырғанын айтты. Өзін жайсыз сезінген әйел бірден дәрігерлерге жүгініп, сынақ тапсырған, оның нәтижесі оң болған. Сынақ нәтижесін ала салысымен, әйел бірден ауруханаға жатқызылған екен. Науқастың айтуынша, ол кезде ауруханалардағы жағдай қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болған, індетке шалдыққандардың саны аз болғандықтан әр науқасқа тиісінше ем жасалған. Аурудан көз жұмғандар саны да аз болды дейді әйел. Ауруды толықтай жеңу үшін ол екі айдай емделгенін айтады, тіпті жазылғаннан кейін де денсаулығын қалпына келтіру үшін біраз ем алып, өзіне күтім жасаған.

Өзін жақсы сезініп, қалыпқа келгеннен кейін әйел жұмысқа барамын деп шешім қабылдаған.

"Мен үйде жұмыссыз отырмайын деп, жұмысқа шықтым. Бастапқыда ешқандай ауытқулар болған жоқ, өзімді әдеттегідей жақсы сезіндім. Күндердің бір күні өзімді қайтадан жайсіз сезіне бастадым, бәлкім екі ай жұмыссыз жатқандықтан, сонымен қатар иммунитетімнің төмендеуіне байланысты шаршап жүрген болармын деп ойладым, алайда келесі күні де жағдайым жақсарған жоқ. Бұл ауырғанымда коронавирустың симптомдары анық байқалды, жөтеліп, дәм сезбей, мазам кетті. Бірден дәрігердің көмегіне жүгініп, сынақ тапсырдым, нәтижесі оң болды. Жағдайымның қатты нашарлағанына байланысты дәрігердің кеңесімен компьютерлік томография жасадым. Оның нәтижесі мен таңғалдарды, себебі өкпемнің 48%- ы зақымдалған екен. Қазір ем қабылдап, үйде оқшауландым. Ойлап қарасам, ПЦР тест дұрыс нәтиже көрсетпеуі де мүмкін еді ғой деген ой туындайды, себебі алғаш ауырғанымда ешқандай симптомдар болмаған еді", —  дейді науқас.

ПТР тестінің нәтижелері қаншалықты дәл болады? Оны анықтау үшін Ұлттық сараптама орталығына хабарласып көрдік. 


"ПТР сынақтарының дәлдігі мен сенімділігі тек зерттеудің өзіне ғана емес, ең алдымен биоматериалды қайдан және қалай қабылдағанына, материалды дұрыс тасымалдау мен сақтауға байланысты. Егер дұрыс жинау, тасымалдау және зерттеуге қойылатын барлық талаптар ескерілген болса, онда ПТР талдауының дәлдігі мен сенімділігі 99,9%-ды құрайды.

ПТР сынағы, егер іріктелген вирустың мөлшері жеткіліксіз болса немесе сұйылту жеткіліксіз болса, жалған теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін, сонымен қатар сәйкес келмейтін ингибитордың болуы да себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ПТР гендердің бар-жоғын тексереді, сондықтан жалған оң нәтиже алу мүмкіндігі бар, өйткені тірі және өлі организмдер арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

Сонымен қатар, бастапқы нәтижелер максималды дәл болуы үшін зертханалық бақылауға сәйкес қайта тестілеуден өтеді", -деп жауап берді Ұлттық сараптама орталығының баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар