Қазақстанда коронавирустан бірде-бір бала қайтыс болған жоқ – ДСМ - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирустан бірде-бір бала қайтыс болған жоқ – ДСМ

Қазақстанда коронавирустан бірде-бір бала қайтыс болған жоқ – ДСМ

Қазақстанда дәл қазір 8 мыңға жуық адам ауруханаларда пневмониядан ем алып жатыр. Олардың арасында 100-ден астам бала бар. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлім етті.

  • 21 Шiлде 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz


Ажар Ғиниятқызы сондай-ақ, балалар арасында COVID-2019 вирусынан балалардың өлім-жітімі тіркелмеді деп сүйіншіледі.

«Қазір ел ауруханаларында 8 мыңға жуық адам пневмониямен ауырып жатыр. Ал мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір 100-ден астам бала ауруханаларда. Бірақ, балалар коронавирустың өте жеңіл түрімен ауырады. Елімізде коронавирустан балалар өлім-жітімі болған жоқ», — деді Ғиниятқызы.