Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмендеді

Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмендеді

Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмендеді.

  • 8 Қазан 2019
  • 34
Фото - Caravan.kz

Қыркүйекте күнкөріс деңгейі 31,8 мың теңге болып, бір айда бір пайызға төмендеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сараптамалық порталына сілтеме жасап. 

Биыл қыркүйекте күнкөріс деңгейі 31,8 мың теңге болды — өткен жылмен салыстырғанда — 10,7 пайызға көп (28,7 мың теңге). Ал өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді. 

Биыл күнкөріс деңгейі құрылымында азық-түлік тауарлары 17,5 мың теңге болды, ал азық-түліктік емес тауар мен қызметтер — 14,3 мың теңге. 

Сонымен қатар, қыркүйекте тауар мен қызметтер бағасы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 5,3 пайызға өскен. 

Биыл қыркүйекте тек төрт өңірде күнкөріс деңгейі республикалық орта көрсеткіштен асқан.  Күнкөріс деңгейі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында байқалады: 39,4 мың теңге (бір жыд бұрын — 36,1 мың теңге). 

Сондай-ақ, үздік үштікте Нұр-Сұлтан қаласы (36,4 мың теңге) мен Алматы (35,3 мың теңге) тұр. Елордада күнкөріс деңгейі 14,8 пайызға көп, ал Алматыда 11,4 пайызға көп. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Павлодар (27,7 мың теңге), Батыс Қазақстан (28,8 теңге) және Қызылорда облыстарында (28,8 мың теңге) байқалады. 


13 жасқа дейінгі балаларға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейі биыл қыркүйекте 27,8 мың теңге болды. 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 39,7 мың теңге, ал сол жастағы қыздар үшін — 30,4 мың теңге.

18 жастан асқан еңбекке жарамды халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейінің жағдайы мынадай: ерлер — 37,3 мың теңге (бір жыл бұрын — 33,6 мың теңге), әйелдер — 29,6 мың теңге (бір жыл бұрын — 26,7 мың теңге). Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 29,4 мың теңге болды (бір жыл бұрын — 26,5 мың теңге).

Соңғы жаңалықтар