Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін көбейту — Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл тапсырмаларды орындау үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріге отырып 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасын әзірлейді. Ол төлем жүйесі барлық мүдделі тарап үшін тиімді болады", — деді Досаев Үкімет отырысында.