Курстың мақсаты — тыңдаушыларға жаңа қазақ әліпбиінің құрылымы мен сипаттамасын, қазіргі айтылым және жазылым нормаларын үйрету. Қалалық мемлекеттік мекемелер мен құрылымдық мекемелердің қызметкерлеріне арналған оқу курсы 10 маусымда «Руханият» КММ латын әліпбиі кабинетінде басталып, қазақ тілі оқыту курсының 50 тыңдаушысы 10-14 маусым аралығында курстан өтті. Курстың лекторлары — Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық тренерлер дәріс-курсынан өткен «Руханият» КММ мамандары Гүлден Махметова мен Сағым Естемісова.