Қазақстанда мәдениетті дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мәдениетті дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде

Қазақстанда мәдениетті дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанда мәдениетті дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа отырысы барысында мекеме басшысы Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның мәдениеті мен өнері» атты мәдениетті дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірлеуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр»,- деді министр. Ол, қазіргі уақытта бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бекітілгендігін, оның құрамына министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері, облыстық мәдениет басқармаларының бастықтары, сонымен қатар еліміздің әйгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің кіргендігін хабарлады.

«Мемлекеттік іс-шаралар жобасына кіретін іс-шаралар ауыл мәдениетін дамыту саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге, мәдени мұраларды сақтау үшін нақты жағдайлар құруға және республиканың барлық аймақтарының әлеуеттілігін дамытуға, мәдени құндылықтардың азаматтар үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету мен олардың рухани қажеттіліктерін қанағаттардыру деңгейін көтеруге бағатталатын болады», — деп атап көрсетті Е. Ертісбаев.

Министр сондай-ақ, қазіргі уақытта республикада «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңнің жүзеге асырылып жатқандығын еске сала кетті. Оны жүзеге асыруға үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті