Қазақстанда мамыр айында 4,5 мың кәсіпорын жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мамыр айында 4,5 мың кәсіпорын жабылды

Қазақстанда мамыр айында 4,5 мың кәсіпорын жабылды

Қазақстанда мамыр айында 4,5 мың кәсіпорын жабылды, деп «Студия Аналитические ресурсы» хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Мамыр айында Қазақстан жұмыс істеп тұрған 4,5 мың компаниядан айрылды, олар негізінен Алматыдағы заңды тұлғалардың белсенді қысқаруынан орын алды», — делінген жұма күні студия таратқан хабарда.

Сарапшылардың мәліметтерінше, Қазақстанда сәуір айында 190 548 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар болған, ал мамыр айында 186 003 қалды.

Кестеде келтірілгендей, мамыр айында Алматыда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарынан 4 192 кәсіпорын шығып қалса, Астанада жаңадан 129 кәсіпорын тіркеліпті.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлға Қарағанды облыстында (25), Ақтөбе (52), Маңғыстауда (31), Атырауда (50), Солтүстік Қазақстанда (22) қосылды. Белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны Оңтүстік Қазақстан облысында (-176) Шығыс Қазақстанда (-133), Алматы (-135), Павлодар (-11), Қостанай (-59), Ақмола (-34), Жамбыл (-89), Батыс-Қазақстан (-22), Қызылорда облысында (-3) қысқарған.