Жарияланды: 430

Қазақстанда мамыр айында ең төменгі күнкөріс мөлшері 0,8%-ға өсті

2011 жылғы мамырда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 15 938 теңгені құрады, деп ҚР статистика агентігінен хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,8%, 2010 жылғы мамырмен – 21,9%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,8%, жемістер мен көкөністерді – 13,4%, нан және жарма өнімдерін – 8,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,8%-ды құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін