Қазақстанда мамыр айында орташа жалақы жылдық көрсеткіште 12,5%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мамыр айында орташа жалақы жылдық көрсеткіште 12,5%-ға өсті

Қазақстанда мамыр айында орташа жалақы жылдық көрсеткіште 12,5%-ға өсті

2011 жылғы мамырдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 84116 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 12,5%-ға, нақты көріністе 3,8%-ға өсті, делінген ҚР статистика агенттігінің хабарында.

  • 11 Шiлде 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде – 190,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – 161,7 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 159,1 мың теңге (1,9 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде сақталуда – 44,2 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 47,4%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында – 165,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,0 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 55,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,1%-ға төмен.

Соңғы жаңалықтар