Қазақстанда мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 8,8 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 8,8 процентті құрады

Қазақстанда мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 8,8 процентті құрады

2003-жылдың мамыр айында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі , экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда 8,8 процентті құрады. Ал жұмыссыздар саны 656,4 мың адамға жетті. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігі таратқан хабарламада айтылған.

  • 13 Маусым 2003
  • 682
Фото - Caravan.kz

Еңбекпен қамту мекемесінде жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар саны мамырдың соңында 183,5 мың адамға жетті. Экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда бұл 2,5 процентті құрайды.

Айлық орташа номиналды жалақы көлемі 2003-жылдың сәуір айында 22,46 мың теңгені құрап, 2002-жылдың сәуірімен салыстырғанда 14,1 процентке өсті. Нақты жалақы көлемі 6,7 процентке артты.
Тұрғындардың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кіріс көлемі 9,2 мың теңгені құрап , 2002-жылдың сәуірімен салыстырғанда 10,4 процентке, ал ақшалай нақты кіріс көлемі 3,1 процентке өсті.
2002-жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2003-жылдың мамыр айында тұтыным құнының индексі 102,2 проценті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,9 процентке, өнеркәсіп тауарларының бағасы 1,1 процентке, бағалы қызметтер құны 1,8 процентке қымбаттады. 2003-жылдың мамыр айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар белгілейтін баға 2002-жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,6 процентке қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар