Қазақстанда маусымда төлем карточкаларының саны 10,5% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда маусымда төлем карточкаларының саны 10,5% өсті

Қазақстанда маусымда төлем карточкаларының саны 10,5% өсті

Қазақстанда 2011 жылдың 1-маусымына қарағанда банктер 8,9 млн төлем карточка шығарды, бұл өткен жылдың сондай мерзімімен салыстырғанда 10,5% артық, деп хабарлады Ұлттық банктен.

  • 8 Шiлде 2011
  • 397
Фото - Caravan.kz

Есептік мерзімге қарағанда карточкалары бар адамдар саны 8,1 млн адамды құрады.

Әсіресе дебет карточкалары кеңінен таралған, олардың үлесі 87,9% құрайды, несиелік карточкалардың үлесі — 10,4%.
1-маусымға қарағанда төлем карточкаларын 20 банк және «Қазпочта» АҚ шығарып келген. Бұл ұйымдар VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International секілді халықаралық жүйелердің карточкаларын шығарады және таратады.
Сонымен қатар Қазақстанның банктері жергілікті жүйелердің де төлем карточкаларын шығарады, Altyn Card -«Қазақстан Халық банкі» АҚ, SmartAlemCard — «БТА Банк» АҚ және Қазақстан Ситибанктің жергілікті карточкасын — «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

Соңғы жаңалықтар