Жарияланды: 400

Қазақстанда мәжіліс сайлауы туралы қауесет күшейіп тұр

Мәжіліс сайлауы биыл өткізілуі мүмкін, деп палата депутаты Ирак Елекеев мәлім етті.

И.Елекеев жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында: «Соңғы кезде саяси партиялар белсенділік танытып, сайлауға дайындала бастады. Сондықтан мәжіліс сайлауы биыл өтеді деп ойлаймын», - деп мәлім етті. «Мен мұны депутат ретінде емес, саясатқа қатысы бар азамат ретінде айтып отырмын», - деді ол. Халық қалаулысының айтуынша, сайлауға «Нұр Отан», «Ауыл», «Әділет» партиялары мен саяси партияға айналатын «Атамекен» одағы» қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін