Қазақстанда медициналық білім берудің жаңа стандарты бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда медициналық білім берудің жаңа стандарты бекітілді

Қазақстанда медициналық білім берудің жаңа стандарты бекітілді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі ҚР білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып елімізде медициналық білім берудің жаңа стандартын бекітті. Бұл туралы бүгін, 20-тамызда Астанада өткен кеңесте ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлады.

  • 20 Тамыз 2003
  • 1591
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңдағы медициналық білім беру саласына министр қанағаттанарлық емес деген баға берді. Оның айтуынша, медициналық орта білім ошақтарын бітірушілер «көп жағдайда өз бетімен жұмысқа кірісе алмайды», жоғары оқу орындарындағы жағдай да бұдан оңып тұрған жоқ деді министр.

Медициналық білім беру жүйесін жаңалауға байланысты 2003-жылдың 1-қыркүйегінен бастап медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарына түсушілер көп сатылы медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесіне қамтылады.
Жоғары оқу орнында үш жылдық оқуды талап ететін бірінші деңгейде студенттер орта кәсіби білім беретін жалпы медициналық пәндерді игереді. Үш курсты бітіргеннен кейін олар емтихан тапсырып орта кәсіби білім туралы дипломды еншілейді.
Ал жоғары оқу орнының 4-6 курсы аралығындағы екінші деңгейде негізгі жоғары медициналық білім игеріледі. Екінші деңгейді тәмамдаушылар мемлекеттік емтихан тапсырып жоғары білім игергендігі жөнінде диплом алады. Алайда мұндай диплом түлектерге клиникалық тәжірибемен айналысуға құқық бермейді. Емдеу ісі, балалар дәрігері және шығыс медицинасы мамандықтары бойынша клиникалық тәжірибемен айналысу үшін медициналық үшінші білім деңгейі — 7-курстағы интернатура тағайындалған. Ал тіс дәрігері мамандығы бойынша студент 6-курста интернатурадан өтеді. Интернатураны тәмамдаған түлектер қорытынды аттестациядан өтіп, сертификат алады.
Орта білім беретін медициналық колледждер мен медициналық жоғары оқу орындарының алғашқы үш курсының типтік оқыту жоспарларында бірдей сағаттық жүктеме белгіленіп, оқытылатын пәндер тізімі бірдей болады.
Сондай-ақ, медициналық білім беру жүйесін жаңалау талаптарына сәйкес фармакология мамандығы бойынша сырттай оқыту үрдісі жойылады. Сонымен бірге, осы мамандық бойынша күндізгі оқыту мерзімі 1 жыл 10 айдан 2 жыл 10 айға дейін ұзартылды.
Жалпы алғанда, медициналық орта білім беру ошақтары мен жоғары оқу орындарында тәжірибелік сабақтарға арналған сағат саны 2 аптадан 12 аптаға дейін ұзартылды.
«Жаңа стандарттар биылғы жылы колледж немесе жоғары оқу орнына оқуға түсетін студенттерге ғана қатысты. Сондай-ақ, жаңа стандарттар екінші курс студенттеріне де бейімделіп жасалуы ықтимал»,- деді министр. Ж.Досқалиевтің айтуынша, медициналық білім беру ошақтарының жоғарғы курс студенттері ескі стандарт бойынша бітіреді.

Соңғы жаңалықтар