Қазақстанда медициналық қызметтердің бірыңғай тарифтері жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда медициналық қызметтердің бірыңғай тарифтері жасалуда

Қазақстанда медициналық қызметтердің бірыңғай тарифтері жасалуда

Қазақстанда медициналық қызметтердің бірыңғай тарифтері жасалу үстінде, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

  • 24 Қараша 2012
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің аясында бірыңғай тарифтік саясат іске асырылды. Министрлік емдеу стандарттарын сақтау кезінде қажетті шығыстарды есептеп шығарып, науқасты толық емдеуге және оның жазылып шығуына мүмкіндік беретін жеке бір оқиғаның тарифін әзірледі», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сараптау басқармасының басшысы Нағима Нығманова.

Оған қоса, 2012 жылдан бастап онкорегистрде тіркелген бір онкологиялық науқас үшін кешенді тариф бойынша төлем жасау жүйесі енгізіліп отыр. Бұл жаңа шара әр мұқтаж науқасты онкологиялық кешенді көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу жөніндегі кешенді жұмыс жүргізілуде. Республика халқына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қарастыратын бұл жүйе «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылуда.