Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде - Назарбаев

Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Әр басшы өзі басқаратын мекемедегі жемқорлықпен күрес ахаулы үшін жеке жауапкершілік жүктеуі қажет. Ол үшін барлық жерде мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде. Мемлекеттің барлық лауазым иелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жемқорлық көріністері деректеріне қатысты сыни материалдарға дер кезінде және шұғыл жауап қатуды міндеттейтін механизмді жасап енгізу қажет. Бұл — жемқорлықпен күрестің бір түрі. Республикалық немесе аймақтық деңгейдегі әлдебір мемлекеттік қызметкер жайлы бірдеме айтыла қалды екен, ол бірден осы БАҚ-та оны жоққа шығарып жауап қатуды әдетке айналдырайық. Немесе бұл жайтқа құқық қорғау органдары назар аударуға тиіс. Ондай жайт жоқ болса, сұрақ жойылады, ал болса- жауапкершілік жүктелуі қажет. Бұл — жемқорлықпен күрестің аса маңызды бір тұсы, ол қоғамда дақпырттардың таралмауы үшін қажет», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар