Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде - Назарбаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде - Назарбаев (толық нұсқасы)

Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде - Назарбаев (толық нұсқасы)

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Әр басшы өзі басқаратын мекемедегі жемқорлықпен күрес ахаулы үшін жеке жауапкершілік жүктеуі қажет. Ол үшін барлық жерде мемлекеттік аппараттың жемқорлық деңгейін бағалау рейтингін енгізу талап етілуде. Мемлекеттің барлық лауазым иелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жемқорлық көріністері деректеріне қатысты сыни материалдарға дер кезінде және шұғыл жауап қатуды міндеттейтін механизмді жасап енгізу қажет. Бұл — жемқорлықпен күрестің бір түрі. Республикалық немесе аймақтық деңгейдегі әлдебір мемлекеттік қызметкер жайлы бірдеме айтыла қалды екен, ол бірден осы БАҚ-та оны жоққа шығарып жауап қатуды әдетке айналдырайық. Немесе бұл жайтқа құқық қорғау органдары назар аударуға тиіс. Ондай жайт жоқ болса, сұрақ жойылады, ал болса- жауапкершілік жүктелуі қажет. Бұл — жемқорлықпен күрестің аса маңызды бір тұсы, ол қоғамда дақпырттардың таралмауы үшін қажет», — деді Н. Назарбаев.

«ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің алдына жаңаша міндеттер қойылады. Жазалау шараларына ғана басымдық бермей, заң бұзушылықтардың алдын алуға, жемқорлық қылмыстар жасау схемаларын жоюға да назар аударылуға тиіс. Агенттік қаржылық мониторинг комитетімен жақын ықпалдастық орнатуы керек. Бюджеттің жұмсалуын қадағалау функциясы елімізде жан-жаққа, түрлі органдарға жұлымдала таратылып жіберілгенін айта кеткім келеді. Үкімет осындай жағдайдың байыбына түбегейлі барып, ретке келтіруге тиіс», -деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар