Қазақстанда мемлекеттік аудиттің тұтастай жүйесі енгізілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік аудиттің тұтастай жүйесі енгізілетін болады

Қазақстанда мемлекеттік аудиттің тұтастай жүйесі енгізілетін болады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмаларын іске асыруға

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 529
Фото - Caravan.kz


Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмаларын іске асыруға бағытталады. 

«Құжаттың негізгі мақсаты қаржылық бақылаудың құқықтық қолдану тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру болып табылады. Жобаны әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүше мемлекеттерінің тәжірибесі талданды. Тұтастай алғанда заң жобасы арқылы Қазақстан халықаралық кәсіби аудит стандарттарын енгізетін болады», — деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, мемлекеттік аудит түрлері бойынша тиімділік аудитіне, қаржылық есептілік аудитіне және сәйкестік аудитіне бөлінеді. Оның ішінде мемлекеттік аудиттың өзі сыртқы және ішкі аудитке бөлінеді. 
Сонымен қатар, заң жобасын қабылдау мемлекеттік аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарына, сондай-ақ олардың тәуелсіздігіне кепілдік береді.

Соңғы жаңалықтар