«Бүгінде біз мемлекеттік қызметтердің реестрін жасау жұмыстарын аяқтап қалдық. Оған 125 қызмет түрі енгізілді. Бұл жұмыс ендігі жерде басқа министрліктер мен мекемелердің қарамағына көшіп, сол жерлерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары жасалады», — деді З. Тұрысбеков.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ертеректе мемлекеттік қызметтердің реестрі 1-маусымға дейін қабылданады деген болатын.
З.Тұрысбековтың айтуынша, алдағы уақытта реестрге енгізілген мемлекеттік қызметтердің саны арта түспек. «Бірінші кезеңде 511 қызмет түрі тізімге енеді, бірақ, болжам бойынша бұл сан 900-ге жетуі мүмкін», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті