Жарияланды: 830

Қазақстанда мемлекеттік шекара туралы жаңа заң қабылданды

Қазақстанда мемлекеттік шекара туралы жаңа заң қабылданды

Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңға қол қойды, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құжатта әскерлерді шекара қызметіне шақыруға іріктеу реттелген. Әскери басқарманың жергілікті органдары ұсынған деректер жинағы негізінде комитеттің Шекара қызметіне шақырылатын әскери құрамды іріктеу және мониторинг жүргізу жүзеге асырылады. Шекара қызметін жарақтау үшін азаматтарды әскери қызметке іріктеу, зерттеу және шақыру азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізетін ұйымның үкімет бекіткен ережелерімен реттеледі. Онда психологиялық тексеру жүргізу, кей жағдайларда шекара қызметіне іріктелетіндерді полиграфиялық тексеру қарастырылады. ҰҚК бұл жасақтарда қызмет талаптарына сай келмейтін тұлғаларды шекара қызметіне өткізбейді. Сонымен қатар, Кеден одағының құрылуымен және «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының қызмет ете бастауымен мемлекеттік шекарадан өткізудің жеңілдетілген тәртібі қаралады. Құжатта Қарулы күштердің келісімшарт бойынша шақырылған әскери қызметшілерін аттестациядан өткізуді реттейтін нормалар қамтылған. Келісімшарт бойынша борышын өтеушілерді кезектен тыс аттестациялау Қазақстан рпезидентінің шешімімен жүргізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін