Жарияланды: 470

Қазақстанда мемлекеттік тілді басқа тілдерге зиянын келтірмей дамыту керек

Қазақстанда мемлекеттік тілді басқа тілдерге зиянын келтірмей дамыту керек

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, Қазақстанда 2020 жылға қарай қазақ тілін тұрғындардың 95 пайызы меңгеретін болады.

"Алдағы он жылдықта біз басқа тілдердің құқына нұсқан келтірместен, мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық азаматтары меңгеретіндей етуіміз қажет.Әрине, біз тілді бәрінің білгенін талап етпеуіміз керек, бірақ тілді түсінуге, ауызекі сөйлесе алуға талпыну керек", - деп К.Мәсімов өз блогында жазады. Оның айтуынша, 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар саны 95%-дан кем болмауы тиіс. "Он жылдан кейін мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін біліп шығады", - дейді үкімет басшысы. "Біз ағылшын және орыс тілдерін белсенді үйренуіміз қажет, өйткені бұл тілдер бүкіл әлемнің білім қазынасымен жалғастырады. Біздің алдымыздағы міндет 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгергендер санының кемінде 20%-ды құрауы", - дейді К.Мәсімов. Осы орайда ол балалы отбасыларға балаларын балабақшадан бастап қазақ тілін үйретуге шақырды. Бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 29 маусымдағы жарлығымен Қазақстанда 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қолдану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекітті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін