Қазақстанда менингит жұқтырған болуы мүмкін екі адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда менингит жұқтырған болуы мүмкін екі адам ауруханаға түсті

Қазақстанда менингит жұқтырған болуы мүмкін екі адам ауруханаға түсті

Менингит жұқтырған болуы мүмкін науқастардың қазіргі жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

  • 23 Қараша 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Екі адам менингококк жұқтырған болуы мүмкін деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.  Ауруханаға Солтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан облысында тұрып жатқан азаматтар түскен, деп хабарлады  қоғамдық денсаулық сақтау комитеті эпидемиологиялық бақылау бөліміндегілер.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі сәтте эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жыл басынан бері Қазақстанда менингококк инфекциясын 88 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 15-і осы індеттен қайтыс болды. 


Менингококк инфекциясы — ауа арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру.

Менингит жұқтырған кезде адамның басы ауырып, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, терісі бөртіп кетеді. Дәрігерлер үйде жатып емделмей, алғашқы белгілерінде-ақ ауруханаға баруға кеңес береді.