"Қазақстанда мигранттарға жұмыс жасау жеңілдей түскен": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанда мигранттарға жұмыс жасау жеңілдей түскен": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

"Қазақстанда мигранттарға жұмыс жасау жеңілдей түскен": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Ресейлік БАҚ Қазақ елі туралы не жазуда?

  • 8 Сәуiр 2019
  • 108
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы ресейлік басылымдарға шолу жасап көрді.

Біз және олар: Орыстілділер Қазақстаннан кетіп жатар

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты екі аптаның ішінде орыстілді қазақстандықтар Ресейге көшіп кеткен.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстаннан тек орыс халқы ғана емес, орыс тілді қазақтар да көшіп жатыр. Қазақстаннан көбінесе жоғары білікті, айлықтары жоғары мамандар кетіп жатыр.

Көпшілік қауымның, әсіресе орыс тілділердің кетуіне себеп Назарбаевтың отставкаға кетуі екен.

Қазақстанда дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Қазақстан үкіметі алты айыға елден дизель отынын экспорттауға тыйым салды.

Бұл туралы News.ru хабарлайды.

Эергетика министрлігінің сайтында «Дизельді отынды тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жарияланды.

Құжатта Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралдарымен дизель отынын экспорттауға 6 ай мерзімге тыйым салынады.

Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мұнай өнімдерін мемлекетпен қамтамасыз етуге қатысты жағдайдың маңызды емес екенін атап өтті. Бұл тыйым көктемгі егіс жұмыстары басталғаннан бері ішкі нарықты ресурспен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты, деп хабарлайды TASS.

News.ru жазғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев егер Ресеймен ынтымақтасса, онда Қазақстан «ғарыштық мемлекет» болатынын айтты. Ол бұл туралы шешімге Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесуден кейін келді.


Қазақстанда жұмыс істеу: Мигранттарға патент алу жеңілдей түсті

Қазақстанның ірі қалаларында мигранттарға қызмет көрсету орталықтары ашылуда. Енді мигранттарға байланысты құжаттармен әр жерге жүгірудің қажеті жоқ, өйткені мигранттарға барлық мәселе бір жерде шешімін табады.

Бұл туралы Мир 24 арнасы хабарлайды.

Акрамжон Джомиф Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс алаңында жұмыс істейді. Қазақстан астанасына бірнеше жыл бұрын отбасын асырау үшін келген. Өзбекстанда әйелі мен екі баласы қалған. Акрамжон, өзге де мигранттар секілді үш ай сайын жұмыс патентін алып отырады.

Материалды дайындаған: Ғалымжан Сәңкібаев

Соңғы жаңалықтар