Қазақстанда министрлер 2 миллионға жуық жалақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда министрлер 2 миллионға жуық жалақы алады

Қазақстанда министрлер 2 миллионға жуық жалақы алады

Қаржы министрі-Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді.

  • 17 Қараша 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.

«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, ең азы 500-600 мың теңге. Өтілге байланысты 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрлерден бөлек, журналистер үкімет басшысының жалақысын да сұрады. Алайда, бұл сұраққа рұқсатсыз жауап бере алмайтынын айтты.


«Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, мен айтамын… Мен дәл қазір айта алмаймын», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Перейти к новостям спорта