Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың үш сатылы жүйесі құрылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың үш сатылы жүйесі құрылуда

Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың үш сатылы жүйесі құрылуда

Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың үш сатылы жүйесі құрылуда. Бұл туралы бүгін, 16-ақпанда Алматыда мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуде ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Ақпан 2004
  • 820
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жүйенің бірінші базалық деңгейі әрбір азаматты мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды көздейді. Г.Қарағұсованың пікірінше, бұл саты көбінесе елдегі экономикалық ахуалға байланысты. Екіншісі- әлеуметтік сақтандыру сатысы. Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, әлеуметтік салықтың 3 проценті Қазақстанда құрылатын әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Онда мүгедектікке, асыраушысынан айрылуға және жұмыстан шығып қалуға байланысты үш түрлі тәуекелден сақтандыру қаржысы жинақталады. Үшінші саты жұмыс берушінің шектірген залал-зардабының жауапкершілігін сақтандыруды қарастырады.

Министрдің айтуынша, үш сатылы жүйе мүгедектікке ұшыраған Қазақстан азаматтарын, қызметкерлер мен жекелеген ұжым мүшелерін кепілді әлеуметтік қорғау аясына қамтылуға мүмкіндік береді. Г.Қарағұсованың пікірінше, жаңа жүйені қолданысқа енгізу арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі түбегейлі өзгеріп, тиімділігі артады.
Министрдің айтуынша, атқарушы билік тауқыметтің барлығын бірдей өз бетімен шеше алмайды. «Демократиялық мемлекеттің басты принциптері қоғамдағы барлық топтар арасында жауапкершілік пен міндеттерді тең бөлісуге негізделеді»,- деді Г.Қарағұсова. Қазіргі мемлекет алдында тұрған басты міндет- шын мәнінде тиімді басқару жүйесін құру болмақ.
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, «әлеуметтік қорғаудың ешбір кәнаратсыз жүйесін дүниежүзінде құра алмай отыр». Бұл жерде мемлекет, жұмыс беруші мен жеке адамның қай-қайсысы да өз жауапкершілігін айқын сезінуі тиіс, деді министр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі мүгедектік деңгейі 10 процентті құрайды. Ал Қазақстан тұрғындарының 3 проценті мүгедектер санатында. Олардың басым бөлігі еңбек қабілеті бар азаматтар.

Соңғы жаңалықтар