Қазақстанда мүгедектерге арналған такси қызметін тұтынушылар көбейіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мүгедектерге арналған такси қызметін тұтынушылар көбейіп отыр

Қазақстанда мүгедектерге арналған такси қызметін тұтынушылар көбейіп отыр

Қазақстанда мүгедектер мамандандырылған такси қызметін көбірек пайдалана бастады,

  • 26 Тамыз 2014
  • 636
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

"Бүгінгі күнде бізде республика бойынша шамамен 110 инватакси жұмыс істейді, 190 мыңнан аса тапсырыс дәл инватаксиге болды ", деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі күнде мемлекеттік тапсырыс бойынша инватакси қызметін дамытуға бүкіл аймақтар үшін шамамен 90 млн теңге бөлінеді.

Қарағандының "Лайықты өмір" мүгедектерді оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Ивкин баспасөз мәслихатында "инватакси қызметі аса керек, кейде біз түскен тапсырыстарды толығымен орындай алмай қаламыз", деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әр облыс орталығында ондай екі такси бар.


"Кей аймақтарда, мәселен Астана, Қарағанды, Алматыда 5-10 көлік бар, селолық жерлерде де инватакси жүре бастады, бұрын ондай болған емес", деді ол.

Мүгедектерге арналған такси қызметін тұтынушылар көбейіп отыр, олар жұмысқа, оқуға жетіп алғысы келеді, білім алғысы келеді", деді ол.

Перейти к новостям спорта