Д.Ахметовтың айтуынша, 2006-жылы Қазақстанда мұнайхимиясы саласына инвестиция салуға «бір терезе» принципін енгізу, отандық мұнайхмиясы саласын әлемдік нарыққа шығару үшін ақпараттық тұсаукесер шараларын ұйымдастыру, мұнайхимиясы кешенін құру және оны интеграциялаудың жан-жақты негіздемесін жасау межеленіп отыр.
Бұған қоса 2006-жылы Атырау облысында арнаулы экономикалық аймақ пен ұлттық индустриялық мұнайхимиясы саябағын құру жоспарланған.
Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, «3,5 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсап, Каспийде газ-химиялық кешен құру жобасын жасау үшін «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ» бірлесіп топ құрды».
«2 млн. тонна мұнайхимиялық өнімдер шығаратын өндірістер құру нәтижесінде елімізге 1 млрд. доллар көлемінде кіріс кіреді»,- деді Д.Ахметов.