Қазақстанда нарық субъектілері бойынша интеграциялық мәліметтер базасын құру көзделуде - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі
Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда нарық субъектілері бойынша интеграциялық мәліметтер базасын құру көзделуде. Бұл туралы бүгін Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"2009 жылғы бюджет жобасында Қазақстандағы нарық субъектілері бойынша интеграциялық мәліметтер базасын құруға қаржы қарастырылған. Бүгінде салық қызметі, кеден және статистикалық органдарда жеке мәліметтер базасы бар, бірақ бізге нарық субъектілерінің бірігу немесе бір-біріне жұтылу процессін біліп қадағалап отыруға көмектесетін біртұтас, жүйелі мәліметтер базасы керек", - деді М. Есенбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін