Қазақстанда нашақорлық пен есіркі саудасына қарсы тұруға бағытталған кең көлемді жүйе құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда нашақорлық пен есіркі саудасына қарсы тұруға бағытталған кең көлемді жүйе құрылады

Қазақстанда нашақорлық пен есіркі саудасына қарсы тұруға бағытталған кең көлемді жүйе құрылады

Бүгін, 1-қазанда Астанада мемлекет басшысының сарайында ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалық етуімен нашақорлық пен есіркі саудасына қарсы күрес мәселесіне арналған кеңес болып өтті,- деп хабарлайды президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 1 Қазан 2003
  • 1070
Фото - Caravan.kz

Мұндай кеңес өткізуге нашақорлықпен күресті қамтамасыз етуге және үйлестіруге міндетті мемлекеттік мекемелерді 10-қыркүйекте өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатаң сын тезіне салуы себеп болса керек.

Кеңеске қатысушылар бірқатар тәжірибелік және ұйымдстырушылықа шаралардың жүзеге асырылуына қарамастан нашақорлықпен күрес жолындағы тауқыметтердің арта түскенін атап көрсетті. «Мемлекеттік деңгейде бұл бағытта жасалып жатқан қадамдар жеткіліксіз»,- делінген баспасөз баянында.
Отырыс қорытындысы бойынша нашақорлық пен есіркі саудасына қарсы тұруға бағытталған кең көлемді жүйе құру туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, министріктер мен мекеме басшыларына нақты міндеттемелер жүктеліп, атқару мерзімі белгіленді.

Соңғы жаңалықтар