Қазақстанда науқастарға бөлінген тегін дәрі-дәрмекті шетелге сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда науқастарға бөлінген тегін дәрі-дәрмекті шетелге сатып жіберген

Қазақстанда науқастарға бөлінген тегін дәрі-дәрмекті шетелге сатып жіберген

Қазақстанда қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарға мемлекеттен бөлінген тегін дәрі-дәрмекті Ресейге сатып жіберген.

  • 15 Қараша 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Аltaynews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық науқастарға арналған дәрілік препараттар көршілес Ресейден табылып жатыр. Бұл дәрілердің бір қаптамасының бағасы миллион теңгеден асады.

— «Ресейде біздің онкопрепараттарымыз сатылып жатқаны туралы ақпарат түсті. Бұл дәрілерді "СК-Фармация" сатып алған. Оның бағасы қымбат – бір қаптамасы миллион теңгеден асады», — дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Айтуынша, басқа елге белгісіз жағдайда сатылып кеткен меланоманы емдеуге арналған екі препарат екен — пембролизумаб (pembrolizumab), тауарлық атауы — "Кейтруда" (Keytruda) және  дабрафениб (Dabrafenibum), тауарлық атауы — "Тафинлар".

— «Бізге бұл ақпаратты пациенттер жеткізді. Ресейлік нарықта біздің медициналық мекемелердің мөрі басылған дәрі-дәрмектер табылыпты. Қазір біз құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып, тексеру жүргізіп жатырмыз. Егер дәрі-дәрмектердің сатылғаны рас болса, бұл іс Бас прокуратураға беріледі», — деді Бюрабекова.


Жоғарыда аталған екі препарат станционарлық дәрі-дәрмекке жатады. Науқастарға тегін беріледі. Оларды бірыңғай дистрибьютордан Қазақстан бойынша 11 стационар ғана алған екен.