Қазақстанда он бес баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда он бес баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы тағайындалды

Қазақстанда он бес баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы тағайындалды

Алқа отырысын өз баяндамасымен ашқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда сегіз және одан да көп баласы бар аналарға да жәрдемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

  • 17 Ақпан 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Azattyq ruhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айта кетейік, қазір төрт және одан да көп баласы бар отбасылар табысына қарамай сараланған жәрдемақы алып отыр. Бірақ, жеті баласы бар отбасы да, сегіз баласы бар отбасы да осы жәрдемақының максималды мөлшері – 75 000 теңге алып отыр.

«Көпбалалы отбасыларға табыстарына қарамастан, балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленетін жәрдемақы енгізілді. 370 мың отбасы жыл басынан осы жәрдемақыны ала бастады. Қазіргі уақытта байқасаңыздар жеті баладан ары қарай жәрдемақы мөлшері біркелкі. Сондықтан, біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда сегіз балаға 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады», — деді Біржан Нұрымбетов.


Министр осы жәрдемақыны да 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеп, төлеу жоспарланып отырғанын айтты.