Қазақстанда он тәулік ішінде 2,5 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды -ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда он тәулік ішінде 2,5 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды -ІІМ

Қазақстанда он тәулік ішінде 2,5 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды -ІІМ

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда он тәулік ішінде 2,5 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қазан 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың 10-19 қазан аралығында Ішкі істер министрлігі ел аумағында заңсыз аң аулау, ағаш кесу, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстардың объектілерін шығару және тасу фактілерін анықтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара аумақтық орман, аңшылық және балық инспекциясы бөліністерімен тығыз байланыста жүргізілді»,- деді Б.Қожахметов.

Оның айтуынша, он тәулік ішінде 2,5 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде 1077 — заңсыз су жануарларын аулау және балық аулау ережесін бұзушылық, 987 — заңсыз аңшылық, 341 — заңсыз ағаш шабу, 10 астам биологиялық ресурстардың объектілерін заңсыз сатып алу мен сату. 2587 құқық бұзушы ұсталды. 473 бірлік аңшылық атыс қаруы тәркіленіп алынды.

Анықталған бұзушылық фактілері бойынша 45 қылмыстық іс қозғалды, сомасы 3,2 млн. теңге айыппұл салынды. Келтірілген шығын көлемі 22,4 млн-нан астам теңгені құрады.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 7 гектар көлемінде әр түрлі 2000 дана орман ағашын электр желісін салу барысында өз беттерімен жою фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 10,7 млн теңгені құрады.

Маңғыстау облысы ІІД қызметкерлері балық қорғау инспекциясымен бірлесіп Каспий теңізінде бес «Байда» қайығымен жүрген Дағыстан Республикасының 13 азаматын ұстады. Браконьерлерден жалпы көлемде 550 кг бекіре тұқымдас балық, 3 ит балықтын терісі, әртүрлі аулау құралдары тәркіленді. Шығын 3 млн теңгеден астам соманы құрады.

Астана қаласының ІІД-нің Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Қорғалжын тас жолының бойындағы орналасқан «Талдыкөл» жинақтаушы-тазарту объкетісінде заңсыз түрде, тыйым салынған орында балық аулаумен айналысқан 10 азаматты ұстады, олардан 5000 метр балық аулауға арналған тор, қайық, 80 кг. балық, 3 су тышқаны (ондатра), 1 қара құндыз терісі тәрлкіленді. Ұсталған азаматтардың айтуынша «Талдыкөл» жинақтаушы-тазарту объектіне құрылыс компанияның күзетшілеріне 500 тенге төлеп өткені және заңсыз түрде ауланған балықты қала базарларында сатқаны анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар