Қазақстанда ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады

Қазақстанда ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады

Келесі жылы Қазақстанда ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады.

  • 7 Қараша 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы конференцияда Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

Премьер-Министр атап көрсеткендей, «Қолжетімді баспана — 2020» мемлекеттік бағдарламасына іске асыру жұмысында бизнес саласы ерекше белсенділік танытып отыр. «Біз басында ойлағанбыз, тұрғын үй салу комбинаттарын мемлекеттің өзі салады. Одан кейін барлық жағдайды, инфрақұрылымды жасаймыз. Содан бизнес пен халық келіп, ары қарай алып кетеді деген ой болған. Дегенмен, бизнес өзі келді. Қазіргі кезде 12-15 (бизнес нысандар — авт.) өз еркімен «Қолжетімді баспана — 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп отыр. Менің ойымша, келесі жылы бізде ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады. Олар баспананы шапшаң салып, халыққа арзан бағаға ұсынады деп сенемін», — деп атап көрсетті С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар