Қазақстанда онкологиялық аурулардың дамуы тәуекелдерін анықтау мүмкіндігі бар
Астанадағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында қанның сараптамасы бойынша алдағы бес жылға репродуктивті органдарда онкологиялық аурулардың дамуы тәуекелдерін анықтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған орталықтың басқарма төрағасы Тамара Вощенкова айтты. |
«Бүгінде орталықта біз қанның сараптамасы арқылы алдағы 3-5 жылға репродуктивті органдарда онкологиялық аурулардың дамуы тәуекелдерін анықтай аламыз»,-деп атап өтті орталық басшысы.
Сонымен қатар «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» директорының орынбасары Салтанат Тұрғанбекова Астанадағы медициналық кластердің зерттеулері жоғары деңгейде жүріп жатқандығын тілге тиек етті.
Оның пайымдауынша, бүгінде еліміздің азаматтарына шетелге барып ем қабылдау қажет емес. «Олар біздің елімізде қазіргі кезде күрделі дерттерді емдеуге арналған озық технологиялар бар екенін білуі тиіс»,-деп түйді С. Тұрғанбекова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін