Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл порталдың көмегімен жұртшылық басылып жатқан оқулықтар мен ОӘҚ сапасына қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіре алады.
"Портал www.expert.okulyk-edu.kz адресі бойынша "Оқулық" Республикалық ғылыми-пратикалық орталығының сайтында орналасқан.
Педагогтар мен ата-аналарды, БАҚ өкілдерін және қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды оқулықтарға қоғамдық баға беруге қатысуға шақырамыз және өздеріңіздің ескертулер мен ұсыныстарыңызды қалдыруларыңызды сұраймыз. Сіздердің ойларыңыз оқу әдебиеттерінің сапасын жетілдіру үшін өте маңызды», - делінген хабарламада.
Қазақстанда оқулықтардың сапасын бағалауға арналған сайт іске қосылды
