«Бүгін Алматыда жаңадан құрылған Lumiere сценарийлік агенттігінің басшылары осылай мәлімдеді.
«Lumiere — қазіргі таңда Орталық Азиядағы алғашқы әрі бірден-бір мамандандырылған сценарийлік агенттік. Біздің мақсатымыз — киносценарийшілердің кәсіби деңгейін арттыру үшін кинодраматургия шеберлерінің басын біріктіру арқылы барлық кинематографиялық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септігімізді тигізу», — дейді агенттік төрағасы Жайық Сыздықов. Оның айтуынша, Ресейдегі агенттік кәсіпқойлармен жұмыс жасайды. Ал қазақстандық агенттік ашықтықты басшылыққа алады, әуесқой сценарийшілермен де бірлесіп жұмыс жасамақ. Сондай-ақ олардың құқығын қорғайтын болады.