Министрдің айтуынша, «газ саласын дамытудағы басымдық берілген бағыт — еліміздің газ тасымалдау жүйесін жаңалау жобаларына инвестиция салу болып табылады. Ол магистральдық газ құбырларының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, табиғи газды экспортқа транзитті тасымалдау көлемін 60-тан 100 млрд. текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді»,- деді мекеме басшысы.
«2005-жылы Қазақстанның газ тасымалдау жүйесімен 115 млрд. текше метр газ тасымалданды. 2006-жылы 111 млрд. текше метр газ тасымалдау жоспарланған»,- деді ол.