Қазақстанда орташа жалақы бір жылда 9,9% артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда орташа жалақы бір жылда 9,9% артқан

Қазақстанда орташа жалақы бір жылда 9,9% артқан

2012 жылдың қарашасында Қазақстандағы орташа жалақы 100 мың 866 теңгені құрап, бір жылда 9,9% артқан.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Салалық тұрғыдан алғанда, ең жоғарғы жалақы кен-өндіру және кеніштерді игері өнеркәсібінің еншісінде. Бұл сала қызметкерлері 188 мың 100 теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есе артық) айлық алады. Кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет саласы мамандарына 201 мың 900 теңге, қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлеріне — 183 мың 400 теңге төленеді.

Ең төменгі еңбекақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. Олардың қолына 51 мың теңге тиеді. Бұл орташа республикалық деңгейден 49,5% кем.
Аймақтық тұрғыдан алып қарасақ, ең жоғарғы жалақы Атырау облысында (174 мың 500 теңге). Бұл орташа республикалық деңгейден 1,7 есе артық. Ал, СҚО-да ең жоғарғы жалақы 69 мың теңге.