Қазақстанда өткен екі тәулікте 7 жол апатынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жараланды
Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен екі тәулікте 7 жол апатынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының Түріксіб ауданында Белинский мен Рысқұлов даңғылының қиылысында 29 қыркүйекте сағат 23.20-да "Мерседес" көлігінің жүргізушісі 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
Алматының Жетісу ауданы Қарасу ауылында 29 қыркүйекте сағат 19.28-де "МАН" және "Москвич" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Москвич" көлігінде отырған 32 жастағы әйел мен 2 және 6 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы - Бақанас тас жолының 70-ші шақырымында 28 қыркүйекте сағат 14.00-де "Мазда" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.
Апат салдарынан көлікте отырған 19 жастағы бозбала оқиға орнында қаза тауып, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Аягөз қаласында Алматы - Өскемен тас жолының 791-ші шақырымында 29 қыркүйекте сағат 00.00-де "Лэндровер" көлігі мен "Мицубиси" соқтығысыты.
Апат салдарынан "Мицубиси" көлігінде отырған 53 жастағы әйел мен 56 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты; "Мицубиси" көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы және "Лендровер" көлігінде отырған бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында Өскемен - Риддер тас жолының 46-шы шақырымында 29 қыркүйекте сағат 09.00-де "ВАЗ-2106" жүргізушісі - 41 жастағы ер адам көлігін аударып алды.
Апат салдарынан 83 жастағы кеуана мен жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды; бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 476-шы шақырымында 28 қыркүйекте сағат 19.00-де "Сетра" автобусының жүргізушісі 48 жастағы Өдбекстан азаматын қағып кетті, ол оқиға орнында қаза тапты.
Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 147-ші шақырымында 29 қыркүйекте сағат 20.00-де екі "Тойота" көлігі соқтығысты.
Апат салдарынан 54 жастағы жүргізуші мен 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты; векінші жүргізуші - 35 жастағы ер адам мен оның жолаушылары - 32 жастағы әйел мен 12 жастағы бала ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін