Қазақстанда өткен екі тәулікте 7 жол апатынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен екі тәулікте 7 жол апатынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жараланды

Қазақстанда өткен екі тәулікте 7 жол апатынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жараланды

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен екі тәулікте 7 жол апатынан 9 адам қаза тауып, 12 адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 535
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының Түріксіб ауданында Белинский мен Рысқұлов даңғылының қиылысында 29 қыркүйекте сағат 23.20-да «Мерседес» көлігінің жүргізушісі 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Алматының Жетісу ауданы Қарасу ауылында 29 қыркүйекте сағат 19.28-де «МАН» және «Москвич» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «Москвич» көлігінде отырған 32 жастағы әйел мен 2 және 6 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы — Бақанас тас жолының 70-ші шақырымында 28 қыркүйекте сағат 14.00-де «Мазда» көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан көлікте отырған 19 жастағы бозбала оқиға орнында қаза тауып, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Аягөз қаласында Алматы — Өскемен тас жолының 791-ші шақырымында 29 қыркүйекте сағат 00.00-де «Лэндровер» көлігі мен «Мицубиси» соқтығысыты.

Апат салдарынан «Мицубиси» көлігінде отырған 53 жастағы әйел мен 56 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты; «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы және «Лендровер» көлігінде отырған бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында Өскемен — Риддер тас жолының 46-шы шақырымында 29 қыркүйекте сағат 09.00-де «ВАЗ-2106» жүргізушісі — 41 жастағы ер адам көлігін аударып алды.

Апат салдарынан 83 жастағы кеуана мен жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды; бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы — Ташкент тас жолының 476-шы шақырымында 28 қыркүйекте сағат 19.00-де «Сетра» автобусының жүргізушісі 48 жастағы Өдбекстан азаматын қағып кетті, ол оқиға орнында қаза тапты.

Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы — Ташкент тас жолының 147-ші шақырымында 29 қыркүйекте сағат 20.00-де екі «Тойота» көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан 54 жастағы жүргізуші мен 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты; векінші жүргізуші — 35 жастағы ер адам мен оның жолаушылары — 32 жастағы әйел мен 12 жастағы бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар