Бұл туралы ол AIRAN YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы «Адырна-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан мен қазақтар – тарихи тұрғыдан да, географиялық тұрғыдан да алып қарағанда орыс әлемінің бір бөлшегі. Оңай болмады. Алайда Қазақстан да, қазақ ұлты да — осы істің бөлігі»,—деді ол.
Саясаттанушы білімді қазақтардың барлығы автоматты түрде қазақи ортада орысша сөйлейтінін атап өтті.
«Қазақстаннан өзге ұлт өкілдері жоқ болып кетсе де, қазақтар орыстілді болып қала береді. Тіл бар жерде көзқарас та, білім де, информатика да, тағы басқалары да бар. Орыс әлемі болған, бар және бола да береді», — деді Петр Своик.
Бұған дейін қайраткер «Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі» деген даулы мәлімдеме жасаған еді.